Рамазанга дайынсызба Ал Сіз Рамазанға дайынсыз ба? ❤
Өкінішке орай, көптеген адамдар Рамазан айындағы оразаның шын мағынасын түсінбейді. Бұл ай олар үшін дәмді тағамдар әзірлеп жейтін, түн жарымына дейін теледидарға телміріп, одан әр түрлі шоу, фильм қараудың және бір жақсы сылтауы сияқты. Адамдар Рамазанға тек материалдық тұрғыда ғана дайындалады – дүкеннен сауда жасап, кешкілік ас мәзірін қамдайды, қарайтын қызықты бағдарламалар табамын деп, газеттегі телебағдарламаларды ақтарады. Дегенмен, Рамазан айы – дүбірлетіп, той-думан тойлайтын, енжарлық танытатын ай емес, Рамазан – рухани тазару айы, білім алып, қосымша құлшылық ететін ай екендігін естен шығармау қажет.
Осы ретте, сіздерге Рамазан айына рухани тұрғыда қалай дайындалу керектігі туралы бірнеше тәжірибелік кеңестер ұсындық:
Тәубе ету.
Адамның үнемі тәубеде жүруі керек.
Ал қасиетті Рамазан айы жақындап келе жатқан кезде тәубемізді одан бетер түгендеп, өзіміздің Алла Тағаламен және адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу үшін, Рамазанға таза жүрек, таза ақыл-оймен кіру үшін Алладан кешірім сұрауға, жасаған күнәларымызға жарылқау тілеуге асығуымыз қажет.
Алла Қасиетті Құранда былай деп айтады:
«Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар!» (Нұр сүресі, 31-аят).
Риуаяттарда біздің Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ең көркем мінездің иесі бола тұра Алладан күніне жетпіс рет кешірім сұрап, жалбарынғандығы айтылады (Мүслім). Пенде болған соң, бәріміздің де көптеген үлкен және кіші күнәлар жасайтынымыз шындық. Ал оның ішінде естен шығарып, елемегендеріміз қанша, бұл да Бір Аллаға мәлім. Рамазан – бұл біздің үлкенді-кішілі, біліп те, білмей де істеген, әдейілеп немесе байқаусызда, бір немесе бірнеше қайтара жасаған күнәларымыздың кешірімін тілеп, Алла Тағалаға қайтуымыз үшін (ред.: тәубеге келу мағынасында) берілген мүмкіндік айы. Қазіргі уақыт тәубемізді түгендеуге ең қолайлы кез. ❤