е Исра және Көкке көтерілу
«Құлын (Мұхаммед Ғ.С.ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол Естуші, Білуші». (Исра сүресі)
Бұл Құранның 15-парасы басталатын тұсы — Исра сүресінің ең алғашқы аяты әрі бұл аятта Исра оқиғасы ерекше баяндалады. Кітаптан оқып, біліп, естіп те жүргендеріңіздей, жалпыға ортақ тілде Миғраж деп аталатын аталмыш оқиға Құранда өте қысқаша түрде, бірақ риуаяттарда егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ, бұл Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға хижрет жасауынан шамамен бір жыл бұрын болған деп келеді.
Миғраж оқиғасының табиғаты мен ақиқатына келетін болсақ, бұны періштелердің Алланың әмірімен жер бетіне түсіп, кейін қайтадан көкке көтерілуі деп көз алдымызға елестету жеңілірек болады. Себебі олар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа демде көзді ашып-жұмғанша бара алады. Алла Тағала Өзінің қалауымен Пайғамбарымызды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір түннің ішінде немесе соның бір бөлігінде
Меккеден Бәйтул Мақдиске апарып, ол жерден көкке көтереді, тіпті одан да биік Сыдратул мунтахаға дейін көтереді. Мұнда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алланың кейбір белгілері мен бұлыңғыр болған заттарына куә болады, себебі бұл саяхаттың да себебі – оған ғайыптан болған ақиқатты көрсету болатын.
Алла Тағаланың осы Құран аятында айтқанындай, бұл түнгі саяхаттың мақсаты да сол еді — «…өзіне белгілерімізді көрсету үшін». Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жасаған саяхаты екі бөліктен тұрды: біріншісі, Меккедегі Қағбадан Палестинадағы Әл-Ақса мешітіне дейін және екіншісі, көктегі саяхат – аспанға және одан да биік Сыдратул мунтахаға.
жалғасы: http://www.tamshy.kz/?p=3229