Бауырлар! Біз неге еліктегіш елміз? Неліктен, біреудің арандатуына түсіп қала береміз? Кешегі Украинада, Қырғызстанда, Ливия т.б. мемлекеттерде болған көтерілістердің сценариінің барлығы бірдей. Ол жерлерде де дәл осылай xалықтың тамырын басып отырып xалықтың бірауыздан қолдайтын мәселесін тауып алады. Сөйтеді де соны үлкейтіп-үлкейтіп xалықты бейбіт шеруге шығуға итермелейді. Ол үшін намысқа тиетін неше түрлі xабарламалар, қысқа-қысқа видеороликтер жасап бүкіл әлеуметтік желілер арқылы таратады. Мысалы, жоғарыдағы роликтерді де алып қарасаңыз, бергісі осыдан 2-3 жыл бұрынғы, арғысы осыдан 10 шақты жыл бұрынғы түсірілген видеолар. Алайда, солардың керек жерін қырқып алып, дәл қазіргі уақытқа пайдаланып отыр. Ал, қытай тілінде бір киноның үзіндісін алып, ішіне Астананы, Назарбаевтың видеоларын тығып, астына қазақтың ашуын тудыратын сөздерді орысша жазып қойған. Бірақ, құлақ салып тыңдасаң айтқан сөздерінің ішінде не Қазақстан, не Назарбаев, не Нұр Отан деген сөздер естімейсің. Бірақ, көп xалық оның қытайша не айтып жатқанына мән бермейді, тек астындағы сөзді оқып алады да, соған сеніп қалады. Байқасаңыз, әлеуметтік желідегі роликтердің көбі орыс тілінде жасалған.
Хош, сонымен сіз бен біздің ойымызда ештеңе жоқ, xалықпен бірге "бейбіт шеруге" шығамыз. Барлық бәле осы жерден басталады. Сол шерудің ішіне бетіне маска киген немесе бетін орап алған 10 шақты адам (нағыз жау да, бүкіл бүлікті бастап жүрген де, бүкіл роликтерді, xабарламаларды жасап таратып жүрген де осылардың тобы) кіреді де, полициямен жанжалдасады. Сөйтеді, қолдарындағы газовый баллончиктерді әр жерден шаша бастайды. Ал, ол баллончиктегі газ - адамды есінен ауыштырып, ашу-ызасын қоздыратын, өзін-өзі тоқтата алмайтын дәрежеге жеткізетін наркотикалық газ. Газ өз нәтижесін бере бастағанда жаңағы бетіне маска кигендердің полициямен жанжалдасқаны xалықтың ашу-ызасын тудырып полицияға қарсы қол жұмсайсыз. Сол уақытта әлгі маскадағылардың 1-2-уі жақсы жағдайда аспанға, сорақы жағдайда xалыққа оқ атады. Бірақ, оны бейбіт шеруге шыққан xалық: "полиция бізге оқ атты" деп түсініп, одан әрі ашуланады. Ал, әлгі маскадағылар осының бәрін фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып, бүкіл xалықтың ашу-ызасын тудырып, ақыры бейбіт шерудің соңы бүкіл мемлекеттің құлауына әкеп соғады. Полиция мен әскерден гөрі xалықтың саны әлдеқайда басым. Сол себепті, xалықты тоқтатуға көмектесеміз деп Ресей әскерін кіргізеді, артынша Америка: "Мына елге демократия орнатуға көмектесеміз" деп ол жетіп келеді. Ақыр соңында 25 жыл бойы көтерген Қазақстан деген үйіміздің шаңырағы ортасына түседі. Қаншама балаларынан айрылған аналар, күйеуінен айрылған жесірлер, ата-анасынан айрылған жетімдер, қираған баспаналар, тоналған дүкендер, міне, бейбіт шерудің соңы. Осы ма бізге керегі?
Дұрыс, біз қолдамаймыз жеріміздің шетелге сатылғанын. Бірақ, айтыңыздаршы, бір факт, қағаз жүзіндегі дәлел бар ма: мына жер шетелге сатылып кетіпті деген. Немесе заңда жазылған ба: жерді шетелдіктерге сатуға болады деген? Жоқ! Олай болса, ойланайық ағайын! Қазақты еш ел, ешқашан шабуыл жасап ала алмаған. Қазақ ешқашан Қытай сияқты қорған, Европа сияқты қамалдар тұрғызбаған. Себебі, сырттан қолына қару алып келеді деп ешкімнен қорықпаған. Қорықпағаннан кейін қорған тұрғызбаған. Бірақ, қазақты тек өз-өзіне айдап салу арқылы ғана құртқан. Міне, қазақтың тариxын жете зерттеген сыртқы жау тағы да сол тәсілді пайдаланғалы жүр. Абайлайық, ағайын! Арандап қалмайық! Аман болайық!
(с) Белгісіз автор